ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержанқажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласы «Айналайын» балалар үйінде өңірдің өкіл имамы Ахмадиев Серікханның ұйымдастыруымен қайырымдылық шара өтті.
Ата-ана мейірімінен айырылған, әр түрлі жағдайлармен әке-шеше қамқорлығынсыз қалған балаларға тәрбие беру, балаларға қамқор болу, жетімді жебеу - әр мұсылманның міндеті, Өкіл имам балалардың көңілін көтерерлік қызықты оқиғалар мен тәрбиелік мәні бар насихат айтып, орталық «Нұр» мешіті атынан балалар үйіне денешынықтыру киімі, 130 балаға қалам, қойын дәптер, және азықтүлік қажетті заттар сый-сыяпат берілді. Балалар әке қамқорлығын сағынып, жылу сезімін көргендей марқайып қуаныштары көкке жеткендей болып, әнсалып, бибилеп өз өнерлерін көрсетіп жатты.
Ал балалар үйінің директоры Жамал Қасымбекова дін өкілі көрсеткен қайырымдылық шараға өз ризашылығын білдірді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.02.2014
4484
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру