Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КОНФЕРЕНЦИЯ: «Ислам діні экстремизм мен терроризмге қарсы»

06.02.2014 4353 0 пікір

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен Сыр өңірінде «Ислам діні экстремизм мен терроризмге қарсы»  атты ауқымды конференция өтті.

Бұл конференцияға Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы дінтанушы – теолог Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, Қызылорда облысының  дін істер агенттігінің басшысы Бақытжан Камалов, өкіл имам Талғат Омаров қатысты.

 Рүстем Мәлікұлы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі  Ислам дінінен экстремизм мен терроризмнің ара жігін ашықтап берді.  Татулық немесе бейбітшілік дегенде бірлігі жарасқан жандар мен ынтымағы биік, алауыздығы жоқ ел еске түседі. Татулықтың көк туы көкке самғау үшін ұлтаралық бірлік пен ынтымақ  халық арасында көп насихатталу керектігі жөнінде өз баяндамасында  кеңінен тарқата айтты.

Ал өкіл имам экстремизм мен терроризмге қарсы жасалған өткен жылғы іс шараларға тоқталып, алдағы уақытта осы жасалатын бірнеше жоспарлармен халықты  құлақдар етті.

Келесі күні Рүстем Мәлікұлы қаламыздағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорт мектебіне барып оқушылармен, ұстаздар қауымымен кездесіп «Татулық пен бейбітшілік тірегіміз» тақырыбында уағыз айтты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру