Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имамның шайы – жамағат көңілін біріктірді

06.02.2014 3725 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мешіт жамағатына арналып дастархан жайылды. Мұндағы негізгі мақсат имам мен намазхан жамағаттың арасындағы байланысты нығайтып, ауызбіршілікті  күшейту. Барлық жамағаттарды бір дастархан басына жинау арқылы Ханафи мазхабы бойыша Исламның  дәстүрлі бағытын түсіндіру еді.

Алғашқы болып сөз алған өкіл имам Батыржан Берденұлы жиналғандарға: «Баршаңыз да қош келдіңіздер! Мұсылман бауырларымызды ауызбіршілікке шақырып, бір-бірімізге мейіріммен, жылы жүзбен күлімдеп қарауға, жылы сөздермен сөйлеуге үндейтін Ислам дініміз көркем мінездерге шақыратындықтан осындай іс-шараларды қолға алып отырмыз. Мұндай бас қосуда тек мешітке келуші жамағаттар ғана емес, діннен қаперсіз өзге де бауырларымызды  шақырып, ауызбіршілікте болу»– деді.

Сондай-ақ,  игі іс-шара барысында қонақтар «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Е.Әмренің және «Құспан молла» мешітінің наиб имамы Е.Алпысбаевтың жүргізген насихаттарын өте зейін қойып тыңдады. Мұндай пайдасы мол, маңызды бас қосу алдағы уақытта да жоспарлы және жүйелі түрде жалғасын таба бермек.

 

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру