ПАЙҒАМБАРЛАР МӨРІ
Талдықорған өңірінде әлем мұсылмандарының Ұлық мерекесі – ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.у) туған күні – Мәуліт, биылғы жылы өзгеше бір бейнеде аталынынып өтті. Бір айға созылатын баршамызға қастерлі Мәуліт мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған «Пайғамбарлар мөрі» атты рухани кеш, Алматы облысының орталығы – Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет Сарайында мерекеленді. Мерекеге келген халықтың көптігі соншалық, залда ине шаншыр орын болмады. Екі сағаттан артық уақытқа созылған кешке аяқтан тіке тұрып куә болған көпшілік көңілге қуаныш ұялатты. Бұлда болса, Пайғамбарымызға көрсеткен үмметінің құрметі болар. Аталмыш кешті ҚМДБ-дан арнайы келген Ербол Сағиұлы мен Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлы құттықтау сөзбен ашып, Пайғамбарымыз (с.а.с) турасында, сондай-ақ Мәуліт мерекесіне жан-жақты түсінік-сипаттама берді.
Бұл мерекеге Б. Римова атындағы драма театрының әртістерінен бастап, Сүйінбай атындағы филормония әншілері, Бейбіт Қошқалиев, айтыскер ақындардан, Күмісай, Балғынбек, Жандарбек, Сырым сынды майталмандар келіп халыққа естен кетпес, жыр мен терменін төресін ұсынды.
Осыдан бір ай бұрын өңір бойынша «Адамзаттың асыл тәжі әз Мұхаммед (с.а.с)» шығармашылық бәйге жарияланған еді. Сол бәйгенің жеңімпаздары осы кеште жарияланып, белгіленген жүлделер мен құттықтау хаттары үлестіріліп, бас жүлде игерінің мақаласы аудио түрінде көпшілікке ұсынылды. «Пайғамбарға хат» деп аталатын бұл шығарма көпшіліктің көзіне жас алдырмай қоймады.
Кеш соңында өкіл имам, дархан даласына ұқсаған кең пейілді қазақ жұртына Алладан амандық сұрап, ынтымағымыздың іргесін берік қылып, мәуліттен мәулітке саулықта жете беруімізді тіледі.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2014
4397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру