Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар – жарқын болашақ кепілі!

04.02.2014 4287 0 пікір

Жезқазған қаласы «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында үлкен кездесу өткізілді.

Бұл жиынға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Жанатбекұлы, қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, белсенді жастар, ішкі істер басқармасы және дін өкілдері қатысты. Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған  діни ағымдар мен экстремизм мәселелері жайында қозғалды. Жезқазған қаласы жастар бастамалары орталығының директоры Түсіп Ізтілеу сөз бастап, келген қонақтарды жиналған халыққа таныстырды.

Мирас Жанатбекұлы Елбасымыздың әр алқалы жиындағы тапсырмаларын орындауда келешек жастардың атқаратын міндеттерінің басым екенін алға тартты. Осы бастамаларды жүзеге асыру үшін бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Кездесу барысында егеменді еліміздің ауызбіршілігі, уахабилік-сәләфилік ағымдардың қоғамға кері әсерлері, ата-ананы құрметтеу, ізеттілік, имандылық жөнінде Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы кеңінен айтып өтті. Тартымды өткен басқосуға жиналған қала жастары белсене ат салысып, кездесу барысында туындаған түрлі сауалдарына қонақтар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

 

ҚМДБ-ның  Жезқазған  аймақтық
баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру