Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жолдауды мешіт қызметкерлері де қолдауда

03.02.2014 3762 0 пікір

Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті дәстүрлі Жолдауын арнаған болатын. Елдің зиялыларынан бастап, бұқара халыққа дейін әрбір өңірлерде жолдау талқыланып, қолдаулар білдірілуде.

Әрине, әр жылғы жолдауында президент Н.Назарбаев елдің мүддесі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында бағыт-бағдарын айқындап көрсетуде. Соның бірі биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын бас құжаттың таныстырылуы ел өміріндегі маңызды уақиғалардың бірі болуда. Міне, аталмыш жолдауға дін қызметкерлері де өз қолдауларын білдіріп келеді.

Осыған орай 3-ақпан күні «Нұр Астана» орталық мешітінде Елорда мешіттерінің имамдары, «Астана» медресесінің ұстаздары және шәкірттерінің қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды.

Алдымен ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды марқайтты» деген тақырыпта баяндама жасады.

Онда бас имам Н.Тағанұлы: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын халыққа арнайтын Жолдауларының қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын байқаймыз. Елбасының биылғы Жолдауы жарқын болашаққа арналған «Қазақстан 2050» стратегиясын орындауға бағытталған нақты қадамдармен ерекшеленеді.

 «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыруда, ХХІ ғасырдағы түрлі кедергілерді еңсеріп, бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 елдің қатарынан орын алу жолында ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан дәстүрлі дініміздің орны өте зор», - деді өз сөзінде.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ағымдағы жыл  «Дін мен дәстүр» жылы деп те жариялап, ағымдағы жылы атқарылуы тиіс басым бағыттарды да айқындап берген болатын. Атап айтқанда, теріс ағымдағыларымен даналықпен күресу, қала бойынша үгіт-насихат жұмысын жандандыру, қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру. Осы аталған басымдықтар аясында ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірледі.

Жиын соңында бас имам Н.Тағанұлы: «Жоспарлы жол іздеген ел ғана жетістікке жетеді. Біздің мемлекет мұны дәлелдеп келе жатқаны рас. Осы бағыттан айнымасақ, алар асуымыз да, шығар белесіміз де арта беретіні сөзсіз. Қазақта «Елдің қамын ер ойлар, ердің қамын ел ойлар» деген аталы сөз бар. Асыл дініміздің шариғат шарттарының бірі де – басшыға мойынсұну, бағыну болып табылады. Олай болса, бірлігі жарасқан еліміздің абыройын одан сайын асқақтата түсетін Елбасы Жолдауына қолдау көрсетіп, жұмыла іске асыруымыз қажет», - дей келе қала имамдарын Елбасы жолдауы мен Бас мүфтидің айқындап берген бағыт-бағдары аясында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру