Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің Қызылорда облысындағы өкілі, қалалық «Мүбарак» мешітінің найб имамы Сейдалиев Досболдың ұйымдастыруымен «Иманды ұрпақ көбейсе, Отанның берік қорғаны» тақырыбында студенттер қауымына арнап ауқымды конференция ұйымдастырылды.
Бұл жиынға құрметті қонақ ретінде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Жұбанов Асқар, Ауған соғысының ардагерлер қоғамының төрағасы Баймақанов Қайраддин Әлібайұлы, 2012 жылдың «Алтын домбыра» иегері Ниязов Мұхтар Мәуленұлы және белсенді жас, Қорқыт ата ҚМУ-нің студенті Көшербай Әліби Асанбайұлы шақырылды.
Жұбанов Асқар: «Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) бір сөзінде: «Отанды сүю иманнан» деп айтқан екен. Яғни, иман сияқты мұсылман пенденің ең басты рухани байлығының құрамдас бөлігінің бірі – Отанды сүю болып табылады. Бұл не деген сөз? Отанын сүймейтін адамның иманы толық емес деген сөз, әрине. Ал, иманы толық болмаған адамның рухани дәрежесі төмен және ахиреттегі ахуалы мүшкіл болмақ...
Отан деген киелі ұғымды Пайғамбардай дәл суреттеген жан болмаса керек. Ол, Отанды сүюді ең қымбат ғибадаттардың қатарына жатқызған.»,- деп жастарға Отанды сүюдің мән мағынасына тереңінен тоқталды.
Қайраддин ағамызда жастарға бойында иманы бар адам ғана өз Отанының қорғаны және өз Отанының нағыз елін сүйетін азаматы болады деп жастарға көрген білгендерімен бөлісіп, ақыл кеңесімен бөлісті.
Жастардың бойына кішкене болсада ұлтжандылық дәнегін егу бұл біздің жиынымыздың басты мақсаты болды.
Елімізді сүйетін, тәрбиелі , иманды жастарымыз лайымды көп болғай.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысының өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы
Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2014
3842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру