Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаты баскетболдан екінші орын алды (ФОТО)

30.01.2014 4839 0 пікір

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Орталық мешітінің жамағатынан құралған топ Шиелі аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға» бағытталған аудандық баскетболдан ашық турнирде ІІ-орынды иеленді. І-орын Кентау қаласынан келген қонақтарға бұйырды. Мешіт жамағатының қатысуымен өткен мұндай бастама ауданда алғашқы рет болды.

Топ жетекшісі Абдусамат Сейілбеков Жеңіс Кубогын Шиелі Орталық мешітінің бас имамы Рахат Ахметовке табыстады. Осылайша Кубок мешіттің мақтанышы мен көркіне айналды.

Аллаһ Тағала баршамызға салауатты өмір кешуімізді нәсіп қылғай!

 

Шиелі аудандық

Орталық мешітінің жамағаты

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру