Таяуда ғана мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Бұл жолғы ұран - «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!». Мұрат - қазақтың елін озық отыздың ортасына қосу.
Елбасының Жолдауы бүгінде жер-жерде қызу талқыланып, жиындар өтіп жатыр. Жолдау дін қызметкерлері – имамдарды да бей-жай қалдырмады.
28-қаңтар күні Алматы қаласы Әуезов ауданы мешіттері, атап айтқанда, «Ақсай», «Таугүл-3», «Қалқаман-2», «Мүзаммил» мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері Жолдауға үн қосу мақсатында Таугүл-3 мешітінде бас қосып, жиын өткізді.
Жиынды ашып берген Таугүл-3 мешітінің бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы: «Діннің де мақсаты, дін қызметкерлерінің де мақсаты Елбасы алға қойған мақсат, міндеттерімен сабақтас. Ол – халықты имандылыққа шақырып, руханиятын көтеру, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті насихаттау ісі. Саяси тұрақтылығы мен ынтымақтастығы жоқ қоғамда ешқандай даму болмайды», - деп салихалы пікірін айтты.
Сөзге шыққан «Ақсай» мешітінің наиб имамы Қаңлыбаев Лесбай қажы: «Күнделікті уағыз-насихатымызда елдегі ұлтаралық татулықты, бейбітшілікті насихаттап отырамыз. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің ішкі саясатын насихаттауда имамдардың да үлесі мол деп айтуға болады»,- деп ойын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2014
3703
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру