Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесіне орай ҚМДБ – ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың бастамасымен арнайы жоспар жасалып көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі «Мәшһүр – Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар ісі бөлімінен облыстағы мұсылман қауымы арасына «Адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с)» тақырыбында ұйымдастырған шығармашылық бәйге. Бәйге шарты бойынша қатысушылар «Адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с.)» тақырыбында шығарма жазады және Пайғамбарымыздың өмір тарихы мен негізгі діни мағлұматтардан қойылған 60 сұраққа тест арқылы жауап беріп бақтарын сынады.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінен бекітілген арнайы комиссия бәйгеге қатысқан 21 адамның шығармалары және сауалнамаға берген жауаптарына сұрыптама жасап, қорытындысы бойынша «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірті Дәулетов Азамат 1 – орын, «Павлодар машина жасау колледжінің» 2 – курс студенті Юсип Бақытбекұлы 2 – орын, қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Әкімбеков Біржан 3 – орындарды иеленіп «Алғыс хат», 50, 40, 30 мың ақшалай сыйлықтармен марапатталса, басқа барлық қатысушыларға да сый-сияпаттар жасалды.
Алла тағала жүректерімізге терең иман, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббат сыйлап, Оның (с.ғ.с) үмбет болуға лайық етсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2014
3714
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру