Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кітапханадағы рухани кездесу

29.01.2014 3501 0 пікір

Орал қалалық М.Горький атындағы кітапханасында «Діни сауаттылық – рухани қауіпсіздіктің кепілі » атты дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл шараға Орал қалалық мешітінің наиб имамы Дүйсенәлі Бейімбет  қатысып, асыл дініміздің құндылығын баяндады. ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен Дәстүр» атты кітабын таныстырып, дөңгелек үстелге қатысушы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің І курс студенттерін  діни сауаттылыққа  шақырды.

Шара соңында кітапхана меңгерушісі  Бибігүл Ахметқызы келген қонақтарға  кітапхана ұжымынының атынан алғысын білдіріп, кітаптар сыйлады.

Нұрлан Қабыкеш
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру