Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа бағыттағы маңызды міндеттер...

28.01.2014 3453 0 пікір

27 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Жезқазған аймағы бойынша өкілдігі, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық  мешітінде қала, аудан және ауылдан келген имамдар 2014 жылы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырылған жұмыстары бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы арнайы жиналыс өткізді.

Жиында өкіл имам биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Бірінші кезекте бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының барлық имадарға берілген үш тапсырмасы, яғни әр аптада қайырымдылық шаралар, жат ағымдағы жастармен жеке-жек кездесулер және ЖОО мен басқа да мекемелерде уағыз-насихаттар жүргізу жайында әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Және-де барлық имамдарға дерлік осы жылдан бастап айлық берілетіндігін айтып, соған сай талаптардың да күшейетінін ескертті.Алдағы уақытта жат ағымдардың алдын алу мақсатында ҚМДБ-сы тарапынан АНТ-ның және жергілікті насихат топтарының кезекті ауқымды жұмыстарының жүргізілетінін алға тартты. Осы тұрғыда барлық имамдардың осы насихат шараларына біріге отырып ат салысуға шақырды. Мешіттер мен сауат ашу курстарында шәкірттердің санын көбейтіп, жоғарғы діни оқу орындарына жас мамандарды дайындауымыз керек. Барлық міндеттелген жұмыстардың барысымен имамдарды толық таныстырды. Сонымен қатар кеше ғана қаламызда өткен Мәуліт діни мерекелік іс-шаралардың басқа аймақтық мешіттердегі жоғарғы дәрежеде аталып өтуін ескертті.

Қорытындылай келе өкіл имам баршамыздың Аллаһ жолындағы істерімізге береке тіледі. Қараағаш мешітінің бас имамы Мәжит ақсақал Алладан білімдеріміз артсын,  еліміз тыныш, ынтымақ пен бірлікте болғай деп батасын беріп тарқасты...

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі.            

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру