Тұран ойпытында орналасқан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде көк күмбезін көкке көтерген «Жанқожа батыр» мешітінің құрылысы аяқталып ел игілігіне берілді.
Мешіттің ашылу салтанатына Қазалының төл тумасы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы, қоғам қайраткері Ідіріс Қалиев, облыс имамы Талғат Омаров, еңбек ардагері Өмірзақ Ахметов келіп халықты жаңа мешіттің ашылу салтанатымен құттықтады.
Салтанатты жиыннан соң өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы «Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі» тақырыбында жұма уағызын айтып, жамағатпен сап түзеп қасиетті жұма намазы оқылды.
Мешіт құрылысына келер болсақ 2005 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Бердалиев Дархан Әлиұлының қаражатымен басталған. Мешіт 2 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы 845,2 шаршы метр, жер көлемі 2527,0 ш/м. Мешіт ішінің бірінші қабатында 150 адамға арналған асхана, дәріс бөлмесі, неке залы, имам бөлмесі, құран оқыту бөлмесі,демалыс бөлмесі, ал екінші қабатында 750 адамдық намаз оқитын бөлме орналасқан.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысыдағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.01.2014
4557
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру