Мәуліт – барша мұсылман баласының асыға күтетін айларының бірі. Себебі, нақ осы айда ардақты Елшіміз Мұхаммед (с.а.у.) өмірге келіп, дүниеге рахым нұры болып енді емес пе?! Жаһил дәуіріндегі қараңғы жұртты өзінің жарық нұрымен нұрландырған Пайғамбарымыздың әрбір сөзі мен әрекеті, әрбір хадисі – күллі адамзат баласы үшін құны кемімейтін қымбат қазына. Әр жыл сайын осынау қымбат қазынамызды кеңінен насихаттап, сауапқа толы сүннеттерді білмейтін жандарға жеткізу – қайырлы істердің бірі екендігі бәрімізге белгілі.
Міне, нақ осындай игі ниетпен «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағаты бүгін Мәуліт мерекесін атап өтуді ұйғарды. Мешітіміздің әйел ұстаздарының ұйытқы болуымен 130 адамға дастархан жайылып, діни курс шәкірттері мен мешіт жамағаты, ардақты апаларымыз мен әжелеріміз шақырылды. Дастархан басына жиылған жандарға арналып адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайлы слайд көрсетіліп, уағыздар айтылды.
Сондай-ақ, әжелер мен келіншектер тобы ортаға шығып, асыл пайғамбарымызға салауаттар айтылды. Жиылған жамағат алдында мешітіміздің ең кішкентай шәкірті Жанель қарындасымыз Иләһи әнін орындады. Діни курс шәкірттері саңлақ сахабалар дәуірінен сыр шертетін арнайы театрландырылған көрініс қойып, тағылымы мол тарихи дүние тарту етті.
Мешітке келіп, Мәуліт мерекесінің мәні мен мағынасын жете түсініп, жандары нұрланған ақжаулықтылардың әрқайсысына діни кітаптар мен арнайы қалташадағы құрмалар таратылып берілді. Кішкентай бүлдіршіндерге шар беріліп, бала көңілдерге шаттық сыйлады.
Мешіттегі Мәуліт мерекесінен сыр шертетін толық фотосуреттерді мына "Фотогалерея" айдарынан көре аласыздар!
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2014
4606
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру