ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің 2014 жылға республика мешіттеріне белгілеп берген үш бағыттың бірі болған қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру тапсырмасы бойынша, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мәуліт оқылды.
Қасиетті жұма күні екі дүние сұлтаны Пайғамбарымыз Мұхамметдің (с.ғ.с) туылған айының құрметіне жамағатпен бірге мәуліт оқылды. Шара барысында жұма намазына келушілерге арналып 2500 кісіге ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітапшалар мен арнаулы мерекелік құрма үлестірілді. Бұдан тыс, шара аясында мешіт тарапынан арнайы Пайғамбарымыздың қоштасу құтпасы 3000 данамен бастырылып таратылды.
Жылдағы үрдіс бойынша Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма намазының алдында жамағатпен бірге өз заманында Мәдина қаласының мүфтиі болған Жағфар әл-Барзанжидің жазып қалдырған «Мәулид ән-наби» кітабынан арабша нұсқада мәуліт оқылып, пайғамбарға салауат айтылды.
Мәулітті мешітіміздің Бас имамы, Республикаға танымал қари Жұманазар Садырханов оқыды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.01.2014
3699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру