Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесіне орай Бас мүфти атынан дастарқан жайды (ВИДЕО)

25.01.2014 4338 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің 2014 жылға еліміз мешіттеріне негізгі үш бағыт белгілеп берген болатын. Соның бірі  қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру.
 

Осыған орай, 24 қаңтар жұма күні Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов Жағфар әл-Барзанжидің «Мәулид ән-наби» кітабынан арабша нұсқада мәуліт оқыды. Мерекеге орай 2500 кісіге ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар мен кітапшаларды сыйға тартты. Бұған қоса, мешіт тарапынан арнайы «Пайғамбарымыздың қоштасу құтпасы» 3000 данамен бастырылып таратылды. Сонымен қатар, жұмаға келген жамағатқа арнаулы мерекелік құрма үлестірілді.
 

Мешітімізде өткен мәуліт мерекесіне орай, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан «Ділнора» дәмханасында мешіт ақсақалдарын қамтыған 40 адамға мерекелік дастарқан жайылды.
Іс-шара соңында мәуліт дұғасы жасалып, жиналған жамағатқа, еліміз бен жерімізге бақ-береке, бейбіт те мамыражай тіршілік тілеп дұға жасалды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру