ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтанов қала, аудан имамдарымен кезекті жиналысын өткізді.
Облыс имамы Елбасы Жолдауымен кеңінен тоқталып, саяси-әлеуметтік, мәдени де рухани маңызды құжаттың ел өмірінде болып жатқан істерді тілге тиек етті. Орал медресесінің оқу ісінің директорының орынбасары Ержан Жұмағожиев өз баяндамасында: Халықтың әл-ауқатын жақсартып, бірлігін нығайтуға бағытталған бұл Жолдаудан туындайтын міндеттерді айқындап, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосатын негізгі үш тапсырмасын кеңінен дәріптеп шықты. Атап айтсақ: біріншіден теріс ағымдағыларымен даналықпен күресу, екіншіден өңір бойынша үгіт-насихат жұмысын жандандыру, үшіншіден қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстарды ықыласпен, жауапкершілікпен атқару керектігін айтып, жиылған имамдарға кеңінен жеткізді.
Ақжайық өңірінде облыс көлемінде өтетін пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні-мәуліт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО өкілдігі мен Жалпақтал ауылдық мешіті орал қаласы және облыстағы барлық мектеп оқушыларыы мен студенттері арасында «Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-жер бетінің ең ұлы тәлімгері, тәрбиешісі», «Мұхаммед және ғылым», «Ғибратқа толы ғұмыр» атты тақырыптарға шығармалар бәйгесі жариялағанын жеткізіп, бұл имандылық кешінде ақындар айтысы, илаһи ән-жырлар, термелер мен күйлер орындалатын айтып, облыстық қазақ драма театрында өткізетінін мәлімдеді. Сөз соңында облыс имамы Р.Сұлтанов тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, дініміздің өркендеуіне өз үлесін қоссын деген тілектерін білдірді.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.01.2014
4224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру