Талдықорған орталық «Нұр» мешітінде өкіл имам қала, аудан имамдарымен кезекті жиналысын өткізді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Елбасы Жолдауымен кеңінен таныстырып осы бір саяси-әлеуметтік, мәдени де рухани маңызды құжаттың ел өмірінде алар орнына тоқталды. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, бірлігін нығайтуға бағытталған бұл Жолдаудан туындайтын міндеттерді айтып өтті. Сонымен қоса 2014ж атқарылатын іс-шаралардың жоспары пысықталып, жүйелі түрде іске асыру үшін аудан имамдарына нақты тапсырмалар берілді. Мүфти Хазреттің Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосатын негізгі үш тапсырмасын кеңінен дәріптеп шықты. Атап айтар болсақ: теріс ағымдағыларымен даналықпен күресу, өңір бойынша үгіт-насихат жұмысын жандандыру, қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстарды ықыласпен, жауапкершілікпен атқару қажеттігін атап өтті.
Талдықорған өңірінде сегіз аудан, қалалық мешіттірде жастар ісі жөніндегі аймақтық өкілдіктер құрылған болатын. Сол аудандағы жастары ісі өкілеттердің барлығының басын қосып, жыл басында атқаратын жұмыстардың қалай іске асыру жолдарын таныстырып тапсырмалар берілді. Және барлық аудан, қала имамдарына аймақтағы жас өкілдерге қолдау көрсетуін ерекше атап айтты. Келер болашақ жастардың қолында жоғары, орта мектеп қабырғасындағы жастарымыздың тәртібі бүгінгі таңның басты мәселелері. Сондықтан жастарымызды нашақорлық, ішімдік т.б. жаман қылықтардан сақтау мақсатында, барлық мешіттерде жастарды имандылыққа тәрбиелеу бағытында жастармен тығыз байланыста болу, кездесулер, ігілікті шаралар ұйымдастыру тапсырылды.
Ислам діні насихаттан тұратындығында еш талас жоқ. Ал бүгінгі күні жалпы жұртшылық дәстүрлі дініміздің қайнар бұлағынан сусындауға мұқтаж. Осыған орай 21-ғасыр ғылым-білім ғасыры болғандықтан кез-келген адамның көкейіндегі сұрағына интернетте отырып жауабын табуға болады. Бірақ оның жақсы-жаманы, дұрысы мен бұрысы барын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Қазіргі уақытта дінді насихаттайтын жолдың бірі ол ғаламтор жолы. Республикамызда ҚМДБ-ға қарасты облыс орталық мешіттерінде ғаламторлық саиты іске қосылған. Сондай-ақ Талдықорған өңірі орталық мешіттіне қарасты, «daguat.кz» атты сайты облыс орталығы «Нұр Отан» партиясының ғимаратының мәжіліс залында салтанатты түрде ашылды. Осы қуаныштыда ізгілікті шараға облыс, және қалалық мекеме басшылары, дін істер басқармасы, Талдықорған өңіріндегі аудан, қала имамдары, әкімшілік, облыс ішкі саясат, обл жастар басқармасының өкілдері және обл БАҚ-ры қатысты. Сөз алғандардың барлығы Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, дініміздің өркендеуіне өз үлесін қоссын деген тілектерін білдірді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2014
4883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру