Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт айында ас берілді

23.01.2014 3668 0 пікір

Екі дүние сардары, ардақты Елшіміз Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесі басталғалы жер-жерден жалғасын тапқан ізгі шаралардың толқыны толастар емес. 2014 жылдың қаңтар айының 21-жұлдызында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының тікелей тапсырмасына сәйкес, Хазірет Али мешітінің имамы Джагыпаров Берік ағамыздың бастамасымен мешіт ұжымы болып Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған күніне орай үлкен дастархан жайылып, үлкен ас берілді. Келген қонақтарға арнайы өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен, яғни ислам тарихынан уағыз насихат айтып ислам нәрімен сусындатты. Бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс.

Ақиқатында, Алла Елшісі (с.ғ.с.) жаны жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді, көңілдердегі кірді, қайғы-қасіретті кетірді, әлсізді демеді, шектен асқанды сабасына түсірді, күллі адамзаттың рухани әлемін дүр сілкіндірді, зұлымдық пен надандықтың қараңғылығын сейілтті, ізіне ерген ізгілерді жақсылыққа жұмылдырып, жарқын болашаққа бастады. Үмметіне, яғни Сіз бен бізге пәни дүниеде бағдаршымыз болатын Алланың кәләмі Құран кәрім мен Өзінің (с.ғ.с.) жан адам адаспайтын сара жолы – сүннетін қалдырды. Оны (с.ғ.с.) досымен қатар дұшпаны да мойындады.

Шарапаты мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Алла тағаламыз асыл пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан салауатымызды қабыл етіп, сүннетіне сай үммет болуымызды нәсіп еткей!

 

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру