ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен адамзаттың асылы, пайғамбарлардың падишасы Әз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) -ның дүниеге келген Мәуліт-шариф айының құрметіне қайырымдылық іс-шаралары жүзеге асты.
Соның бірі Атырау облысы, Атырау қаласында орналасқан № 1 қалалық балалар ауруханасынан басталды. Облыстың Бас имамы Батыржан Берденұлы аталған мекеменің бас дәрігері м.ғ.к. Нұрғабыл Әбуұлының жеке қабылдауында болды. Кездесу барысында мекеменің бас дәрігеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін және дәстүр» атты кітапты сыйға тартты.
Батыржан Берденұлы ауруханада жатқан балаларды арнайы зиярат етіп, олардың ата-аналарына қасиетті мәуліт айының мән-маңызы мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғұмыр деректері жайында уағыз айтты. Сөз соңында науқасқа ұшыраған балаларға Жаратқаннан шипа тілеп, мешіт атынан сый-сияпат табыстады. Өз кезегінде бас дәрігер Нұрғабыл Әбуұлы мекеме атынан және балалар мен ата-аналар атынан бас имамға игі бастамалары үшін алғысын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2014
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру