Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсының әйел шәкірттері 21-қаңтар күні мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күні-Мәуліт мерекесінің құрметіне орай «Құран-Алланың сөзі» тақырыбында арнайы мәдени шара ұйымдастырып, түгелдей қатысты.
Мәдени шара әуелде Мәуліт мерекесі және қасиетті Құран Кәрім туралы кең көлемде жүргізілген уағыз-насихаттан кейін кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рух шарифіне бағыштап Құран оқумен басталды. Келесі кезекте қазақ және орыс тілдерінде «Құран –Алланың сөзі», «Мұхаммед (с.ғ.с.)-Алланың Елшісі» тақырыбында арнайы жасалған 2 түрлі бейнефильмдер көрсетілді. Бейнефильмдерден кейін Дәметкен, Анар, Баян, Сән, Айнұр, Зайна, Айсұлу, Ақдидар, Ұмсынған қатарлы әйел шәкірттер сыныптастарының алдында қасиетті Құран Кәрімнің Фатиха, Бақара сүресінің 5 аяты, Хашыр сүресінің 22-24 аяттары, Зилзала, Ғадият, Қариға, Тәкасур, Ғасыр, Бәйина, Инширах, Зуха, Тин, Ясин, Буруж, Фил сүрелерін тікелей мәнерлеп оқып, алған білімдерін ортаға салды. Шара арықарай қасиетті Құран Кәрім және пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне қатысты дайындалған билет сұрақтарына топқа бөлініп жарыс түрінде жауап берумен жалғасты.
Бұл жерде тағы бір айта кететін жаңалық шара барысында Суслова Марина Владимировна атты орыс қызы жиналған шәкірттер алдында тілін кәлима-шәһадатқа келтіріп Ислам діні қабылдады, ол алда басқа шәкірттермен бірге «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен діни білім алып тұратын болды.
Шара соңында өкіл имам Н.Исеновтың тапсырмасымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Манапбаев Нұржан шәкірттерді Мәуліт мерекесімен құттықтай келе, оқу үлгерімі және аталмыш шарада көрсеткен белсенділігіне орай көзге түскен шәкірттерге «Алғыс хаттар» мен қоса ынталандыру сыйлықтарын үлестірді.
Осы орайда айта кетсек, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің діни сауат ашу курсының бастауыш, жалғастырушы, бітіруші топтарында ҚМДБ-нан бекітілген оқыту бағдарламасы бойынша 92 әйел шәкірт тұрақты білім алуда. Сауат ашу курсының қазақ бөлімі 5 шағын топқа, орыс бөлімі 2 шағын топқа бөлініп түске дейін, түстен кейін және кешкі уақыттарда Талқанбаева Қарлығаш, Әлтанова Диана, Кажуева Жұлдыз қатарлы тәжірибелі ұстаздардан діни дәрістер үйренеді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.01.2014
4783
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру