Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам тапсырмасы басты назарда

22.01.2014 4228 0 пікір

Қаңтардың 21 жұлдызында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров кезекті жиналыс өткізді. Мәжіліс басында жиналған дін қызметкерлеріне  өкіл имам Батыржан Берденұлы қызметтік сұранысқа байланысты Бас мүфтидің бұйрығымен  «Иманғали» орталық мешітіне жаңадан наиб имамы қызметіне тағайындалған Есмұхан Нұрым Досанұлын таныстырып өтті. Сондай-ақ, жаңадан қатарға қосылған Нұрым Досанұлының білімді де білікті, тәжірбиесі мол дін маман екендігін тілге тиек етіп, алдағы дін жолындағы қызметіне Жаратқан Иенің қолдауы мен сәттілігін тіледі.

Аталмыш бас қосуда  ҚМДБ-ның Бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен тапсырмасы бойынша қала имамдарына бірқатар жұмыстар жүктелді. Дініміз Исламның хақтығы мен пәктігін көрсету, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, қайырымдылық іс-шараларды молайту басты назарға алынды. Сонымен қатар БАҚ-на мақала жариялау, ҚМДБ-ға қарасты діни білім беретін медреселер мен «Нұр-Қазақ» Египет Ислам мәдениеті университетіне шәкірт дайындау, скайп, онлайн жұмыстарымен қоса т.б қосымша тапсырмалар берілді. Жиналыс барысында имамдар ҚМДБ-нан және облыс өкіл имамы тарапынан келген нұсқауларды басшылыққа алып отыратындықтарын жеткізді. Мұнымен қоса, үстіміздегі қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай қала және аудан мешіттері жанынан арнайы жұмыстар ұйымдастыру  т.б құнды пікірлер ұсынып талқыланды.  

 

Атырау облыстық «Иманғали» орталық
мешітінің 
баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру