Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға жаңа тапсырмалар жүктелді

21.01.2014 3547 0 пікір

20-қаңтар. Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздары «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас қосты.

Аталған жиында алдымен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар жыл аяғына дейін атқарылар іс-шараларға да ерекше тоқталып өтті.

Дәлірек айтқанда, ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы орындау, 2014 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарын жүйелі түрде жүзеге асыру, мешіт ішіндегі діни әдебиеттерге бақылау жасап, арнайы сараптамадан өткен діни әдебиеттерді жамағатқа ұсыну, имамдардың киім үлгісіне көңіл бөлу, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу, сауат ашу курсын онан әрі жандандыру.

Жергілікті уағыз-насихат тобымен бірге үстіміздегі жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығында колледждер мен орта мектептерде кездесулер өткізу және ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің туылған «Мәуліт» айын халықтық деңгейде атап өту үшін дайындық жұмыстарын пысықтау секілді бір қатар тапсырмалар жүктеді.

Қала имамдарының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған өкіл имам Н.Тағанұлы отырыс соңында барша дін қызметкерлеріне сенімін білдіре келіп, аса ұйымшылдықпен елімізге, дінімізге аянбай үлес қосуға шақырды.

«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру