Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастармен өткен кездесу

20.01.2014 3496 0 пікір

Зеленов ауданы, Достық орта мектебінде БҚО Орал орталық мешітінің жанынан құрылған үгіт насихат тобының мүшелері мектеп оқушыларына жат ағымдардан сақтанудың жолдары жайында тағылымды кездесу өткізді.

Бұл шараға  Орал орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев, Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, аудандық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Айгүл Серғазиева қатысты.

Алғашқы сөз алған Облыстық орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Мұхтарханұлы: Ислам білім ата-ана, ұстаз турасында кеңінен қозғалып жастарға құнды деректермен жеткізді. Оқушылар арасынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Осындай тағылымды кездесу   Дарьян және Новиньки ауылындағы мектеп оқушыларымен жалғасын тапты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру