Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 12-13 жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күні «Мәуліт» сәйкес келді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қолдауымен, қыз балаларға діни сауат ашу курсы қыз-келіншектердің арасында балаларға «Мәуліт» өткізілді.
Аталмыш мерекелік іс-шарада сан-алуан тағамдармен толтырылған дастархан жайылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мультфильм, екі тілде слайд көрсетіліп, діни кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларға ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап викториналары жүргізіліп, балалар өздерінің зеректігін көрсетіп атсалысып қаттысты. Атсалысып сұрақтарға жауап берген балаларға сыйлыққа діни заттар берілді. Мереке соңында қыз-келіншектерге «отбасы» жайлы әдибиет пен диск, ал балаларға әр түрлі қызықты ертегі кітаптар табысталды. Мерекеге келген қонақтар мәз-мейрам болып, ризашылығын білдіріп, «аталмыш шара жылдан жылға жалғаса берсін» деп ізгі ниет, тілектерін білдіріп тарасты.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
www.ihsan.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.01.2014
5408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру