Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында «Ислам – тәуелсіз еліміздің тірегі» атты облыстық үгіт-насихат тобы ауыл жамағатымен кездесті.
Кездесу шарасына Батыс Қазақстан облысы «Орал облыстық орталық» мешітінің наиб имамы Қыстаубаев Мұратбек, Орал медресесінің ұстазы Рахманкулов Әсет, Жайық деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төраға орынбасары, исламтанушы Нұрахметұлы Арман, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Габдушев Тілек, ауыл имамы Жайтуғанов Нұрсапа, ауылдың ақсақалдары, ауыл әкімі Алманбетова Сандуғаш, учаскелік полиция капитаны Жұмашев Серік қатысты.
Алдымен Жайық деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төраға орынбасары, исламтанушы Арман Нұрахметұлы сөз алды: Ислам және дәстүр жайында түсінік берді
Содан кейін Батыс Қазақстан облысы «Орал облыстық орталық» мешітінің наиб имамы Қыстаубаев Мұратбекте асыл дініміз жайында қозғап, пайғамбарымыздың өнегелі өмірі турасында тілге тиек етті. Жамағат арасынан сұрақтар қойылып, мазмұнды мағлұматтар алды. Келген жамағаттар теріс ағымның жетегінде жүрмеу үшін, алдымен мешітте қызмет ететін мамандармен жүздесіп, ақыл-кеңестерін тыңдап, білім алудың керек екендігін түсінді.
Одан әрі ауыл әкімі Сандуғаш Алманбетова сөз алып, уақыттарыңызды бөліп келген қонақтар сіздерге көп-көп рахмет. Ауыл тұрғындары мен жасөспірімдер өзге жат діни ағымдардың соңынан ермей дәстүрлі ислам дінін ұстанатына сенімім мол. «Иманы берік елді, жау алмайды» - деген жұртымыз аман, еліміз тыныш болғай, – деп ақ тілегін жеткізді..
Шарада «Жат ағымнан жапа шеккендер» жайында бейнефильмінен үзінді көрсетілді. Осындай игі шара Мерген ауылында жалғасты.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.01.2014
3859
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру