Жезқазған қаласы орталық емханасының наркологиялық диспансерінде емделіп жатқан кісілермен кездесу өткізілді. Жиналған жұршылықа қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ахметов Мейіржан Кенжеғарұлы Жезқазған аймақтық мешітінің өкілі, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлын таныстырды.
Жиналған емхана қызметкерлері мен емделуші кісілерге Өкіл имам сөз кезегінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі теріс ағымдардың қоғамда алауыздық тудырып жатқандығын айтты. Сонымен қатар әрбір адамға Алланың берген аманаты өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырды. Әрине өмірімізде сан түрлі сынақтар болады, және-де сол сынақтарда өзімізді сабырлыққа тәрбиелеуіміз керек. Уағыз-насихат барысында діни тұрғыдан туындаған сұрақтарын маман иелерінен сұрап, өз жауаптарын алды.Мекеме басшылығының ұйымдастыруымен өздерінің өмірдегі осы бір шалыс басқан кездерін рухани тұрғыдан түсіндіріп, келешекте қайталамас үшін осындай игі шараларды өткізді. Алдағы уақытта мешіт қызметкерлерімен келісе отырып осындай кездесулерді өткізетіндігін жеткізді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2014
3653
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру