Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алғашқы мәуліт мейрамы аталып өтті

13.01.2014 4663 0 пікір

Мүбәрак Мәуліт мерекесін киелі Кереку өңірінде Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы ең алғашқы болып мерекеледі.  Ауылдың «Шоң би» атындағы мешіті  ауыл әкімі  Абраров Арғын Бейсенбайұлының  қолдауымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген  күні, яғни қаңтар айының 12-күні ауылдың мәдениет үйінде облысымыздағы белгілі айтыс ақындары және облыстық  Ж.Аймауытов атындағы музыкалы драма театрының әртістерін арнайы  шақырумен қатыстырып ауқымды мерекелік шара өткізді.

 Пайғамбарымызға салауат айту, дұға бағыштаумен басталған шара арықарай белгілі әншілер Асылбек Сапабекұлы мен Ерлан Олжаұлы, жас ақын Әбілхан Оразұлының орындаған  иләһи һәм отаншыл рухтағы әндер мен өлеңдерімен  жалғасын тауып,  Баянауыл ауданының «Мұса мырза» мешітінің наиб имамы Бақытбек Төлегенұлы, ауыл имамы Серікбек Тоқтарбекұлдарының ғибратты уағыздарына ұласты. Келесі кезекте   облысымыздың бас ақындары Асығат Тұрғанбек пен Қуаныш Шармановтар бас болып жас ақындардың үш жұбы айтысып, айтыс барысында  асыл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірін жырға қосты.  Шара соңында  аудан әкімдігінің  ішкі саясат бөлімінің бастығы  Қалымбеков Талғат Маратұлы   ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-тің  туылған күні-Мәуліт меркесіне орай ауыл халқын құттықтай келе оларды береке-бірлікке, имандылыққа шақырып, ауыл ақсақалы Танбай ата мен ардақы әже Шолпан апа көпшілікке жақсылықтар тілеген баталар берді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру