Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін істері Агенттігінің Төрағасы мешіт жұмысымен етене танысты

12.01.2014 3939 0 пікір

11 қаңтар. Астана. Sunna.kz – ҚР Дін істері Агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов пен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр-Астана» Орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жалпы жұмысын көзден кешірді.

Мемлекеттік жұмыс уақыты басталысымен мешітке келген қадірлі қонақтар мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының жай-күйімен танысып, мешітке келген жамағаттың оқитын діни әдебиеттерін саралады. Сондай-ақ, мешіт жанынан ашылғалы жатқан шағын мұражайдың жобасына, жамағатпен жұмыс, жат ағымдардан сақтану, үгіт-насихат жұмыстары сынды ауқымды шараларға оң бағасын берді.

Сонымен қатар, мешіттің ресми сайты «sunna.kz» порталының қызметкерлерімен кездесіп, сайт жұмысымен етене танысты. Өз кезегінде, Агенттіктің төрағасы Марат Әзілханов сайттың тәуліктік көріліміне деген ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, «sunna.kz» сайтымен қоса, ҚМДБ-ға қарасты барлық сайттардың жұмысын жандандырып, ортақ жүйеге түсіру мәселесі төңірегінде бірқатар құнды ұсыныстарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру