Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпараттық – насихат тобы Павлодарда

10.01.2014 3911 0 пікір

ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің дәстүрлі дініміз – Исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру, қалың бұқара арасында ҚМДБ – ның әлеуетін арттырып, алға қойған бағыттарымен таныстыру, ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру, отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау мақсатында ҚМДБ – ның Деструктивті жат ағымдардың алдын алу ақпараттық – насихат тобының мүшесі Шоқанов Сансызбай Ертістің Кереку өңірінде бір апта іс – сапарда болды.  

Алдымен облысымыздағы барлық қала, аудан имамдарымен кездесуінде қазіргі кезде дініміздің біртұтастығына сызат түсіруге талпынған өзге ағымдар туралы түсіндірме беру үшін де имамдарға терең білім қажеттігі туралы әңгімеледі.

Келесі күндері Сансызбай Құрбанұлы Екібастұз қаласы орталық мешіті, Солнечный және Майқайың кенттері, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі, қалалық «Ақмешіт», «Ғазиз» мешіттерінде болып дәстүрлі Ислам діні, ханафи мәзһабы, көркем ахлақ туралы кең көлемде уағыз – насихат жүргізді. Сансызбай Құрбанұлы шам, құптан намазы аралығындағы уақыттарда мешітке келген жамағатпен кездескен уағыз – насихаттарында қарапайым халыққа еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара жігін айқындап таныстыра отырып, қазіргі кезде елімізде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен секталар мен діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында ой қозғады.

Сондай – ақ Павлодар қаласы маңында орналасқан №18, №24 түзету мекемелерінде болып ондағы жазасын өтеушілермен де  кездесіп, олармен ғибратты да тәлімді әңгімелер жасады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру