Жезқазған қаласының медициналық колледжінде студенттер мен ұстаздарының ұйымдастыруымен рухани азық алу мақсатында кездесу өткізілді. Сөз басында арнайы келген Жезқазған аймақтық өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, қалалақ әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі Ахметов Мейіржан Кенжеғарұлы және колледж директоры Ранова Ләззат Нәбиқызын таныстырды.
Колледж қызметкері Ізтілеуов Жаннат Ислам дініне жат экстремизм, терроризм және разикализм секілді терминдер жайында жалпы мағлұмат берді. Содан соң өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы жиналған ақ халатты абзал жандарға Алланың игілігімен сәлемі тіледі. Имамдар мен дәрігерлердің бір-біріне әріптес екендігін, яғни дін мамандары рухани тұрғыдан, ал ақ халатты маман иелері адамның тәнін емдейтіндігін айтты.
Ислам дінінің асыл құндылықтары, қазіргі таңдағы жат ағымдардың қоғамда келеңсіз жағдайлар тудырып жатқандығы жайлы сөз өрбітті. Сонымен қатар білім алу кезінде әр нәрсенің маманынан алу керектігін баса ескертіп айтып өтті. Қазақстан Республикасы бойынша арнайы ресми Діни басқармаға тіркелген мешіттер мен медресселерде, сауат ашу курстарында діни тұрғыдан қазіргі таңда сауат ашуға мүмкіншіліктер жасалған. Аймақтық мешітімізге қарасты Алашахан 15 «А» мекен-жайында орналасқан сауат ашу курсында және мешітімізде ер және қыз балаларға арналған дәрістер жүйелі түрде жүріп жатқандығын айтып өтті. Интернет желісін қолданған кезде де ҚМДБ-ның рұқсат еткен сайттары және-де жергілікті «ahmetishan.kz» сайтынан мағлұматтар алуға шақырды. Студенттер тарапынан тақырып барысында туындаған сұрақтары қойылып, барлығына дерлік жеке-жеке тоқталып, мысал келтіре отырып жауап берілді.
Колледж директоры Ләззат Нәбиқызы келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, студенттермен қоса өзінің де көптеген діни мағлұмат алғандығын жасырмады. Алдағы уақытта осындай кездесулер аталмыш оқу орнынының басқа топтарында да жалғасын табады.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.01.2014
4396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру