«Орал» облыстық орталық мешітінде қала, аудан имамдарына арналған өткен жылды қорытындылаған есеп беру жиналысы болып өтті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов есептік жиналысты ашып, облыс имамының жыл бойы атқарған жылдық есебі бүгінгі заман талабына сай электронды нұсқада дайындалып, интерактивті тақтада көрсетілді. Жиынға қатысқан қала, аудан имамдарының барлығы жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп берді.
Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов тұрғын үй мен мешітке су жаңа «Нива» жеңіл көлігін сыйлағандығын, компьютер мен интернет желісінің орнатылғанын жеткізді. Бұл бастамаға БҚО, Жаңақала ауданының әкімі Лавр Рашидұлына ризашылығын білдірді Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев сөз алып: Біздің мешітіміздің ғасырға жуық тарихы бар, бұл ғимарат көне болатын, осыған байланысты Жалпақтал ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Сарсенгалиев Айдос бауырымыздың демеушілігімен мешіттің қос мұнарасы бой көтерді. Иманды азаматқа алла разы болсын, ақ тілегін жеткізді. Ауыл мешітінде барлық жағдай жасалынған.
Шара соңында сөз алған ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы: Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиевке асыл дініміздің жандануына үлес қосып, қандай іс болса да, аянбай еңбек етіп жүргендігі үшін ризашылығын білдірді.
Облыс имамы әр имамның есептерін байыппен тыңдап, олардың кемшілік тұстарын айтып, Казталов ауданының бас имамы Бейбіт Шакуов пен Ақжайық ауданы, Есенсай ауылдық мешітінің молдасына Қайыржан Қабашевке ескерту берді. Жыл бойы имандылық жолында аянбай еңбек еткен облыстық орталық мешітінің найб имамы Самат Алибаев, Мұхаммед –Гариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Гилманов Қаджмұқанға,найб имамы Ринад Акимов, Жаңақала ауданының бас имамы Мұратбек Жахатов, Теректі ауданының бас имамы Халықбек Сыдиков облыс имамының марапаттауына ие болды. Болашақта атқарылар жұмыстың күтіп тұрғандығын, ел бірлігі мен ынтымағын, жамағат арасында ауызбіршілігін айтып, 2014 жылдың жылдық жоспарлары пысықталды.
Қабыкешов Нұрлан,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2014
4392
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру