Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құранды сендердің бақытсыздықтарың үшін түсірмедік

09.01.2014 4131 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Біздің күшіміз уағызда»,-деп Ислам дінінің адам баласы үшін аса зор құндылық екенін, оның моральдық тұрғыдан да негізгі рухани ерекше күш екенін насихаттап, діни сауаттылықты арттыру, қоғамға қауіп төндіретіндей асыл дінімізге қайшы келетіндей түрлі ағымдардың алдын алу бағытындағы тапсырмалар бойынша Атырау облысында көптеген кездесулер, үгіт насихат шаралары өтуде.                    

8 қаңтар күні «Иманғали» орталық мешітінде наиб имам Ерсін Әмре жамағат алдында  сондай-ақ интернет желісі арқылы онлайн сабақ жүргізді. Имам сағатқа созылған сабақта Алланы тану, оның барлығын көруші, білуші екенін сезініп иман келтіру аясында сөз болды. Иман келтіріп, жаратушымыздың тым жақын екенін біліп оны жүрекпен сезініп жүретін адам ешқандай да бақытсыз болмайды, ол мүмкін емес, яғни қасиетті Құранда: «Құранды сендердің бақытсыздықтарың үшін түсірмедік» деген аяттармен және басқа да түрлі мысалдарымен шебер жеткізіп отырды.  Ерсін Әмренің дін жолында атқарып жүрген баға жетпес еңбегі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Бұдан әрі де осындай игі шаралар жалғасын табатынына кәміл сенеміз.  

Облыстық  «Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру