Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы тәрбиенің бастауы мұсылмандық тәлім - тәрбиеде екені даусыз. Имандылық тәрбие негізі. Тәуелсіз еліміздің жастары имандылыққа бет бұрып, жылдан жылға мешітке келіп дәріс алатын жастарымыздың саны өсуде.
Жастардың дінге деген ықыласы мен құлшынысы аса зор. Оның бір айғағы ретінде Алаштың анасы аталғаған аймағымызда мешіттер жанынан сауат ашу курстарынан дәріс алып жүрген шәкірттер туралы мәлімет беруді жөн көрдік.
- Облыс бойынша бір жыл ішінде мешіттер жанынан сауат ашу курстарында 698 ер кісі мен 250 әйел кісі діни дәріс алды.
- Жазғы діни лагерлерде: Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен діни сауат ашу лагері 1 ай көлемінде облыс бойынша мешіттерде өткізілді. Шәкірттер барлық ынталарын сала отырып қстаздары үйреткен фиқһ, ахлақ, Құран Кәрім мен тәжуид қағидаларынан, сондай-ақ қол өнер мен шығармашылық сабақтарынан сусындап, жазғы демалыстарының бір бөлігін діни білім алып рухани әрі спорттық ойындар ойнап салауатты уақыт өткізді. Аталмыш жазғы лагерде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде 50 ер бала мен 30 қыз бала 1 ай көлемінде ыждағаттылықпен дәріс алған болса, өзге мешіттерде 350-ге жуық шәкірттер сауатын ашты.
- Діни оқу орнында оқып жатқан шәкірттер жайы: Сыр елінен республика көлемінде діни бағытта оқып жүрген 71 шәкірт бар. Оның 18 шәкірті оқуларын биыл тамамдаса, Құдай қаласа келесі жылы 28 шәкірт діни оқу орнын тамамдамақ.Үстіміздегі жылы облысымыздан 36 шәкіртке ұсыныс берілді. Олардың 9-ы «Нұр-Мүбарак» университетіне ал, 27-сі медреселерге жіберілді.
- Мысыр елінде оқып жүрген білікті студенттерді тарта отырып, «Әл-Әзһар» университетінің «Дін негіздері» факультетнің студенттері қасиетті Рамазан айына арнайы шақырылып, мешіттегі шәкірттеріміздің 45 шәкіртін арнайы фиқһ, ақида, араб тілі және Құран мен тәжуид қағидаларынан оқытып шықты.
- Мешіт жамағаттарының сауаттарын ашуға аса мән беру керектігін тапсырған Бас мүфти хазреттің тапсырмасына орай: Облысымыз бойынша бірнеше мешіттерде 1 айлық семинарлар өткізілді. Барша семинар сабақтарына тұрақты қатысқандардан кішігірім емтихандар алынып сертификаттар табысталды.
Бүгінде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне «Әл Әзхар» университет жанындағы «Ислам ғылыми зерттеу» институтын тәмамдаған білікті Берік Арын ұстаз ретінде тағайындалып, қала, аудан тіпті шалғай ауыл мешіттері ұстаздарының бас қосу жиналысы жасады. Жиналыс барысында жамағатты білімге қызықтырып, білім алатын шәкірттер санын көбейту мәселелері қозғалды. Енді облыс мешіттерінің ұстаздары бір жоспармен дәріс жүргізетін болды.
Ұстаздың білікті болуы бұл – өскелең ұрпақтың саналы болуына зор ықпалын тигізері сөзссіз. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші ұстаз көрген бала, бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, еліміздің мақтан тұттар ұл-қыздары болмақ.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт - Сырдария» мештінің
Баспасөз хатшысы ЕСКЕНДІР Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2014
3899
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру