Құрметті оқырман! Мәуліт мерекесіне орай "Әзірет Сұлтан" мешітінің muslim.kz ресми сайты шығармашылық бәйге жариялайды!
Шығармалар сайысы: «Менің пірім – пайғамбарым».
1-ші орын Кіші қажылық
2-ші орын Samsung Galaxy Note 3
3-ші орын 50 000 тг
Сайысқа қатысу тегін әрі жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Сайыс жеңімпазын арнайы әділқазылар алқасы анықтайды, үздік деп танылған шығармалар сайтымызда жарияланып отыратын болады.
Шығармаларды қабылдау 31-желтоқсан мен 31-қаңтар аралығында жүргізіледі. Сайыс қорытындысы 31-қаңтар күні белгілі болады. Жеңімпазды анықтау барысында сайт оқырмандарының да дауысы есептелінетін болады.
Шығармаларға қойылатын талаптар:
Шығарманың көшірме болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі қажет.
Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт.
Дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудыратын шығармалар қабылданбайды.
Шығарма көлемі 20 000 белгіден аспауы керек.
Мәтінге мән бере түсу үшін әрбір автор көлемі 50 кб аспайтын фотосурет қолдануына болады.
Сайәысқа қатысушылар өз шығармаларын muslimtv.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауы керек.
Ескерту:
1.Әділқазылар алқасы өз шешімдері үшін түсіндірме беруге міндеттелмейді.
2.Сайысқа қабылданған шығармалар авторларға қайтарып берілмейді.
3.Сайысқа жіберілген шығармаларды қолдану құқығы muslim.kz сайтына тиесілі болады.
4.Muslim.kz сайтына жарияланар шығармаларды өңдеуге немесе түзетуге құқылы болып есептеледі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.01.2014
4423
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру