Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Еліміз тағы бір мешітке толықты

31.12.2013 4746 0 пікір

Мешіт – халқымыздың мұсылмандық парыздарын өтеуге, жастарымызды имандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге зор ықпалын береді.

Қасиетті Құранда: «Алла жақсылық жасаушыларды сүйеді. Өзіне сүйкімді болған нәрсені Алла жолында жұмсаймайынша, ешқашан жақсылыққа жете алмайсын»,- деп Аллаһ Тағала ескертеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Аллаһ тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,- деп келеді.

Бүгінде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлтөбе ауылы 1-Май бірлестігінде мұнарасы көкке көтерілген зәулім «Мұстафа Шоқай»  мешітінің құрлысы аяқталып халық игілігіне берілді. Мешіт 150 адамға лайықталып салынған және шәкірттерге дәріс жүргізетін арнайы бөлмесі тағы бар.

Мешіттің салынуына мұрындық болған облыстық маслихат депутаты Тілуберген Шаутай ағамызға өкіл имам Талғат Омаровтың атынан алғыс хат тапсырылды. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы арнайы келіп жиылған халықты мешіттің ашылу салтанатымен құттықтады.

Мешіт салу өте сауапты іс, мешіт елімізге, халқымызға жақсылығымен және де берекелі болуын Аллаһ тағала нәсіп етсін!

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт - Сырдария» мештінің
Баспасөз хатшысы ЕСКЕНДІР Әсел

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру