Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауат ашу курсы жандануда

31.12.2013 4638 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Султанов облыстық, қалалық мешіттердің ұстаздарын жинап, діни білім алып жатқан шәкірттердің  оқыту жайында жағдайлары жайында сөз өрбіді.

Алдымен  облыс бас имамы Руслан Тыныштықұлы  сөз алып, оқу барысы,  шәкірттердің тізімі, сабақ кестесі, келген шәкірттерге арнайы журнал ашу керектігін  айтты. 

Қазіргі уақытта «Орал» облыстық орталық  мешітінің найб имамы, әрі ұстазы Мұратбек Қыстаубаев (Әл-Азһар исламтанутану институтының түлегі),Ринад Акимов, Орал қалалық мешітінің ұстазы Бейімбет Дүйсенәлі, Мұхаммед-Гариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің ұстазы Мейрамбек Абдрахманов, қыздарға дәріс беріп ұстаз Бақытгүл Бекқазиева сөз алып, діни сауатын ашуда, жастардың керітарпа діннің ықпалына түсіп қалудан сақтандырудың жолдары жайында баяндады. 

Облыс бойынша сауат ашу курсында шәкіттері  148 болса, қыздар  саны жиырма жеті жетті.

Ылайымда екі дүниенің білімін алатын шәкірттеріміз көп болғай!

Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру