Павлодар облысының жаңа әкімі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы жаңа қызметімен танысуды облыстағы ұйым - мекемелер ішінен ең алдымен облыс орталығындағы Алланың үйіне кіруден бастады. Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне келіп жұма намазын жамағатпен бір сапта тұрып оқыған облыс әкіміне ақсақалдар батасын беріп, жаңа қызметінен табыстар тіледі. Қанат Алдабергенұлы жұма намазынан соң өкіл имаммен қатар тұрып жиналған жүздеген жамағаттың «Жұма мүбәрак болсын, намаз қабыл болсын!»,-деп ұсынған қолдарын алып, түгелдей амандасты.
Келесі кезекте Қанат Алдабергенұлы өкіл имам Нариман Ермекұлының кеңсесіне кіріп облысымыздағы Ислам діні ахуалы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің іс-қызметі, облысымыздағы мешіттердің жай-күйі, имамдардың білім-біліктіліг, алға қойып отырған мақсаттары туралы асықпай отырып сұхбаттасты. «Мәшһүр Жүсіп» мешітін аралап танысқан облыс әкімі ата-бабадан жалғасқан асыл дінімізді жаю, дамыту ісінде ҚМДБ-ның өкіл имамына жан-жақты қолдаулар көрсетіп, бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз деді.
Әлбетте, еліміз тыныш, ауызбіршілігіміз берік болсын десек ең әуелі басшыларға бағыну мұсылманшылық парыз болмақ, ал басшыларымыз да ел игілігі үшін адал қызмет атқара берсін демекпіз.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.12.2013
5098
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру