Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ынтымағы бар елдің –ырысы да мол.

28.12.2013 5231 0 пікір

Жалпы адамзат тарихында ұлттар арасындағы ынтымақтастықтан, бірлік пен тұрақтылықтан артық құндылық жоқ. Бүгінде экономикасы қарқынды дамыған елдер қатарына қосылған Қазақстанның  болашағының кемелді болуы да бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығая түсуіне тығыз байланысты. Сондай-ақ ел арасындағы келісімді, қоғамдық төзімділік пен өзара сыйластықты нығайту мақсатында 26 желтоқсан күні  Атырау инженерлік-гуманитарлық интитутында  «Ырыс алды ынтымақ» атты конференция болып өтті. Аталмыш шараға қатысқан облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы тақырып аясында баяндама жасады.

Ол сөзінде: «Асыл дініміз ислам күллі адамзаттың түрі мен түсіне, тегі мен нәсіліне қарамастан ынтымақ пен бірлікке, бейбітшілік пен келісімге, ортақ ымраға келуге шақырып келе жатқан Хақ Тағаланың өзі қош көрген діні. Хадисте: «Сендерге жамағатты (көпшілікті) өсиет етемін. Бөлінуден сақтаныңдар. Шайтан жалғыз бастылармен бірге болады. Екі кісіден алыс жүреді. Кім жәннаттың ортасын қаласа, көпшіліктен бөлінбесін, деп айтылған.

Иә, ислам діні бөлінгендерді біріктіретін, дүрдараздыларды жарастыратын, дұшпандарды бауырға айналдыратын иләhи дін. Жалпылай алғанда, мемлекет экономикасының қарыштап дамуы, халықтың әл-ауқатының нығаюы мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясатымен тығыз байланысты. Менің ойымша, саясат дұрыс болмай, экономика да жақсармайды. Сонымен қатар, өзге мемлекеттермен ынтымақтастық байланыс, сыйластық, түсіністіктің берері мол десем, артық айтқандық емес. Сондай-ақ, қазақстандық әрбір азаматтың ұлтына қарамай, барлығының түгелдей дерлік құқығының бірдей болуы үлкен мәртебе»,-деді.   Сонымен қатар конференцияда басқа да атыраулық лауазымды  ұлт өкілдері  баяндама жасады.  Елдің ынтымағы мен бірлігі үшін осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз.

 

Облыстық «Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз хатшысы. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру