Желтоқсанның 25-ші жұлдызында ҚМДБ-ның Атырау бойынша өкілі, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Берденұлы қала және аудан имамдарының жылдық жұмыс есебін тыңдады. Имамдар есеп бере отырып ағымдағы жылдың жетістіктерін алға тартып, сонымен қатар кейбір орын алған түйткіл мәселелерді де тілге тиек етті. Әрине атқарылған жұмыстар аз емес, ал көпшілігіне жуығы бір мәселеге дөп келуі діннен білімі жетік ұстаздардың қажеттілігі еді. Өкіл имам Б.Берденұлы жылдық есепті тыңдай отырып, сол аймақтардың діни ахуалы, сауат ашу курстары, шәкірт саны, намаздың уақытысында өтіп уағыздың айтылуы, кезекшілік т.б осындай мешітке қарасты жұмыстарына баса назар аударды.
Біздің мақсатымыз: «исламның тазалығын, оның өзіндік сұлулығын халыққа жеткізе білуіміз керек, ісіміз нәтижелі болса соңында халықтың өзі-ақ ненің дұрысы мен ненің бұрысын білетін болады. Сонымен қатар қазіргі күнімізде уағыздаудың жанды үлгісі болып отырған скайп жұмыстарын жандандыру және БАҚ -на мақалалар жариялау да имамдарға жүктеліп отыр»-деді. Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның туылған күні, яғни мәуліт айы мерекесіне орай іс-шараларды өткізуді де тапсырды. Сағ 11-де басталған есеп беру жиналысы бесіннен ақшамға дейін мешітке қарасты сауат ашу курс орталығында жалғасты. Онда имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдады. Жиналыс соңын қатысушылар Жаратқаннан келер жылдың да жемісті болуын тілеп, дұғамен аяқтады.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2013
4123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру