Осыдан аз уақыт бұрын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет, ел мен жердің атын асқақтатып, дің жолында қажымай еңбек етіп келе жатқан чемпион атамыздың еңбегін бағалап, өз алғысын білдіріп марапаттағаны баршаға аян.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын», демекші, Талдықорған өңірінің бас имамы Серікхан Рымханұлы, әлем және Европа чемпионатына қатысып әлемдік рекорд жаңартып, Гиннестер кітабына енген, 76 жастағы Әмірбай Рысқұлов имамды қабылдап, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан демалыс орнына 10 күндік жолдаманы табыс етті.
Әмірбай ақсақал гір спорты бойынша Әлем, Еуропа және Азия халықаралық чемпионы. Қазақстандық күшті қариямен бақ сынасуға Ресейдің Архангельск қаласына 400-ден аса кір тасын көтеруге машықтанған мықтылар жиналып топ жарып шықты. Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының алтын жүлдесі. Сонымен қатар Әмірбай Рысқұлов атамыз биылда кезекті жеңісімен жерлестерін қуантты.
Әмірбай ақсақал Қазақстан мемлекетінің туын әлемге паш етіп, көк жалауымызды желбіретіп келеді. Тек спорт саласында ғана емес, сондай-ақ Талдықорған өңіріне қарасты, Көксу ауданы Жамбыл ауылдық мешітінің имамы Рысқұлов Әмірбай еліміздегі қасиетті Ислам дінінің өркендеуіне өз үлесін аянбай қосып отыр. Еліміздің әр имамы келешекте салауатты өмір салтын осылайша өздеріне үлге ете білсе, дініміз бен еліміздің өркендеуіне деген сенім мығым болар еді.
Алла тағалаға сансыз шүкірліктер болсын, біз арамызда осындай имамдарымыздың барымен мақтанамыз. Аллаһым дініміздің абыройы мен беделін көтере бергей!
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.12.2013
4412
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру