Бас имам Ә. Қайназарұлы есептік жиналысты ашып, кезекті имамдарыдың есебін тыңдаудың басталғандығын жариялады.
Бір жыл бойы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, аянбай еңбек қылып және жоғары көрсеткіш көрсеткен имамдарға алғыс жарияланды. Олар Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әли, Шалқар адандық «Матай Қоқанұлы» атындағы орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев, Ақтөбе қалалық мешітке қарасты «Рақым» мешітінің бас имамы Оңайбаев Аягөз және де Өлке ауылдық мешітінің имамы Жұбатқанов Әсемғали.
Жиын соңында сөз алған ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәлі Қайназарұлы: Қызметке немқұрайлылықпен қарамау, мұқияттылықпен еңбек етуді, кімде-кім өз жасаған жұмысын сүйіп істегенде ғана, жұмыс нәтижелі болатыдығын айтты. Сонымен қатар, діннің тірегі – ілім, сол үшін медресеге шәкірт даярлау маңызды екендігін түсіне біліңіздер. Алла берген аманатқа қиянат жасап алмауды айтып жылдық есептік жиналысты жабық деп жариялады.
Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.12.2013
4039
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру