Желтоқсанның 20-сында Сәтбаев қаласындағы Қазақмыс хоккей клубында келелі рухани кездесу өтті. Кездесуде Қарағанды облысынан келген «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек қажы, Сәтбаев қаласының Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы болды. Негізгі кездесуді балалар жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Серіков Саят ағамыз жүргізіп отырды. Сөз алған Рүстем ағамыз өз сөзінде дәстүрлі Исламды түсіндіре келе, Исламды дұрыс түсінбегендіктен бе немесе білімсіздіктен «Жихад» деп Сирияға кеткен бауырларымыздың басым көпшілігі спортшылар екендігі жайлы да айтты. Жат ағымдағы бауырларымыздың халық арасында қалай жұмыс жүргізетіндігі, қалай адамның санасын улайтындығын да жеткізді. Бұл ағымдардың алдын алу үшін барлығымыз бір жұмылуымыз керектігін тілге тиек етті. Соңынан тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып жауап берілді.
Сыздықов Рүстем ағамыз Сәтбаев қаласындағы «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде қасиетті жұма намазына келген жамағатқа уағыз айтты. Негізгі тақырып «Жихад» мағынысында болды. 30-минутқа созылған насихатты халық ден қойып сүйсіне тыңдады.
Аталмыш кездесу өз кезегінде Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінде журналистермен болған басқосумен жалғасын тапты. Тілшілердің дайындап алып келген "Ырым, суицид, жастар тәрбиесі" секілді тағы басқа сауалдарға жан-жақты тағылымды жауаптар берілді.
Сәтбаев қаласы
Балмағамбет Балқыбайұлы мешіті
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2013
3600
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру