ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасын жедел орындау, ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында Павлодар облысы Екібастұз ауданы орталық мешіті аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Екібастұз қалалық академик Қ.Сатпаев атындағы инженерлі-техникалық институтында «Дін және дәстүр» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізді.
Конференцияға ҚМДБ-ның өкілі А.Ұтысхан және Павлодар облысының барлық қала, аудан мешіті имамдары, Екібастұз ауданына қарасты ауыл имамдары, аудан әкімдігінің жауапты қызметшілері, жастар, студенттер, оқушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мұхаметжанованың сәлемдеме сөзінен кейін ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісі басталып, әуелгі кезекте ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дін және дәстүр» тақырыбында баяндамасын Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы М.Ахметов оқып таныстырды.
Келесі кезекте конференция тақырыбына орай ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысхан, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов, облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.Раздыкова, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Сағындықұлы, Еуразиялық Инновациялық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Бейсембаев және Екібастұз қалалық Пшембаев атындағы колледж ұстазы Е.Қасымовтардың баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы инженерлі-техникалық институтының студенттері Р.Ботаева, А.Шакенова, Г.Смағұлова, Д.Молдашева, Ж.Акрамов және политехникалық колледж студенті Е.Амреновтар да «Дін және дәстүр» тақырыбында тартымды баяндамалар оқыды.
Аудан өнерпаздары да конференцияға құрметіне арнап Иләһи жыр-термелер орындады.
Конференция жұмысы нәтижесінде облыс жастарына арналған үндеу қабылдады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2013
4001
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру