Жетісу жеріне өкіл имам болып тағайындалғалы бері, Серікхан Рымханұлы бірнеше келелі істің басын қайырып келе жатыр. Осы күнге дейін өзіне қарасты барлық қала, аудан ауыл имамдарын семинардан өткізіп, енді міне сол салихалы істің соңынан іле-шала сараптау басталып кетті.
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бөлім меңгерушілерінен құралған арнайы топ, дәл қазір Талдықорған өңіріндегі қала, аудан және ауыл имам, молдаларының білімдерін тексеріп, біліктіліктерін сараптамадан өткізіп жатыр.
Еліміздің бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған «Аттестацияның» негізгі мақсаты, имамдарды қазіргі қоғам талабына сай етіп, жан-жақтылықтарын қалыптастыру. Аталмыш аттестация қалалық «Жетісу» мешітінде өтіп жатыр. Сонымен қатар, бұл жиынның тағы бір кереметтілігі бұйрығы жоқ имамдарды өз жерінде бұйрықтан өткізіп беру болып тұр.
Аттың басын сынаққа кіріп шыққан имамдарға бұралық:
- Сынақ қалай өтуде? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз...
- Мен «Көксу» ауданының бас имамы, Еділбек Ерімбетұлымын.
- Бұл сынақ, шынында да өте ауқымды болды. Себебі қойылған сұрақтардың өзіне қарасаңыз, тек діннің ауқымында ғана емес, оның ішінде, Қазақтың тарихы, Тәуелсіздіктің тұғыры, Ата заңда, сонымен қатар, арамызда жүрген жаман пиғылды ағымдардың қалай алдын алу турасында да көптеген сұрақтар болды.
- Бұл аттестация сізге қаншалықты пайдалы бола білді?
- Мен үшін және менің барлық әріптестерім үшін бұл аттестация баршамызды бір серпілтіп тастағандай болды. Өйткені осы сынақтың арқасында қаншама кітаптар оқып, білмегенді үйреніп, ұмытқанды еске түсірдік.
- Рахмет сізге, Еділбек мырза!
- Лайым еліміздің имамдары болашақта дініміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін бүгінгіден де артығырақ қоса бергей дегіміз келеді.
Ал діни сұрақтар турасына келсек, құран, ақида, тәжуид, фикх, Ислам және мәзһабтар тарихы, сондай-ақ әкімшілік жүйе бағытында да бірнеше сұрақтар қойылды.
Әрине, айтпасқа болмас, осындай ізгілікті іс-шаралардың өтіп жатуының бәрі, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының іскерлігі деп білеміз.
ҚМДБ Талдықорған өңіріндегі
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.12.2013
4155
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру