Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазған имамдары жылдық есеп берді

19.12.2013 4025 0 пікір

18 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Жезқазған аймағы бойынша өкілдігі, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық  мешітінде аудан және қаладан келген имамдар 2013 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлына есеп берді.

Жиында өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы әр имамнан жеке-жеке бір жыл көлемінде атқарылған жалпы барлық іс-шаралар мен шаруашылық жұмыстары, шәкірттер оқыту жағдайлары сұралды.

Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет алғашқы сөз кезегін бастап, атқарылған жұмыстарына жеке-жеке тоқталды. Келешек жастардың санасын жат ағымдардың ықпалынан алдын алу үшін уағыз-насихат жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті СТА телеарнасының арнайы айдары  жұмылдырылады. «Нұр» қазақ-Египет ислам университетінде және «Нұр-Астана» медреселерінде шәкірттер білім алып жатыр. Діни мерекелердің барлығы жоғары деңгейде аталап өткендігін баян етті.

Қасиетті Рамазан айында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жасалған ауызашар дастархандар, қайырымдылық шараларының  нәтижелері  жоғары деңгейде өткендігі байқалды.

Сонымен қатар жазғы уақытта мектеп балаларының дәріс алуы, күнделікті білім алып жатқан шәкірттердің саны жайында сұралды. Қазіргі таңда мешіттерде бес уақыт намаздың арасында өткізіліп жатқан  уағыз-насихаттарға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Қысқы мезгілдегі жылу мәселесі, отынмен қамтамасыз етілгендігі жайында айтылды.

Жиналған имамдардың барлығы ҚМДБ тарапынан Егеменді елімізге салт-дәстүрімізге сай ислам дінін насихаттайтын төл басылымдарымыз «Иман» журналы мен «Ислам және Өркениет» газетіне келер жылға жазылу барысы жайында есеп берді.

Алдағы уақытта келе жатқан Мәуліт мерекесіне дайындық жұмыстарын жасау жайында сөз қозғалды.

Қорытындылай келе өкіл имам баршамыздың Аллаһ жолындағы істерімізге береке тіледі. «Халық» мешітінің наиб имамы Амангелді ақсақал Алладан білімдеріміз артсын,  еліміз тыныш, ынтымақ пен бірлікте болғай деп батасын беріп тарқасты...

Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітіне қарасты сауат ашу курсында өңірімізге қарасты қала, кент және ауылдардан келген он алты имамға «Ақида» пәнінен он күндік семинар өткізілді. Семинар барысында имамдар мен жамағат арасында өзекті мәселелер талқыланып, сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Дәріс алған ақсақалды аталар да өз кезегінде дән ризашылықтарын білдірді. Барлық семинарға қатысқан имамдарға өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы аймақтық мешіт атынан арнайы сертефикатарды табыс етті. Алдағы уақытта дін қызметкерлерінің білімін пысықтап, толықтыру  үшін осындай семинарлар жалғасын табады.

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі.            

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру