Жиында бас имам Талғат Омаров әр имамнан жеке-жеке 1 жыл көлемінде атқарылған барлық іс-шаралар мен мешіт тазалығы, әрі жөндеу жұмыстары, шәкірттер оқыту жағдайлары сұралды. Медреселер мен университеттерге жіберілген шәкірттердің жағдайдайлары мен олармен тығыз байланыста болулары және имамдардың бұқаралық ақпарат беттеріне халықты жақсылыққа үндеп жамандықтан қайтаратын мақалалардың жарияланып тұруы, қайрымдылық шаралары және басқа да көптеген жылдық есептер қозғалды.
Әр қазақ менің жалғызым демекші, қандас діндес бауырларымыздың өзге ағымның шырмалған шырмауынан шығатын жол көрсету дін қызметкерлерінің алдындағы ең үлкен жауапты міндет. Алланың мейірімділігінің арқасында осындай 5 бауырымыздың шырмаудан шығуына жұмыс жасағандығын Қазалы ауданының бас имамы айтқан кезде баршамыз қуанып қалдық.
Елді елдікке, бірлікке, имандылыққа шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде насихат жұмысының маңызы ерекше. Бүгінде имамдар бірнеше мекемелер мен мектептерді аралап насихат жұмыстарын жандандырып жүргендігіне жиналыс барысында тағы да көзіміз жетті.
Облысытық, аудандық газет беттеріне де имамдардың ой саларлық, көкейге қонымды мақалалары ұсынылып жариялануда. Әсіресе Арал, Қазалы, Жаңақорған, Жалағаш ауданының имамдары осы орайда белсенділік көрсетіп мақалалары жиі-жиі жарыққа шығып тұрды.
Жалпы имамдар Алла ризалығы үшін бұл жылы да жақсы жұмыс жасап, өздерінің қыруар атқарған істерін кітап түрінде дайындап тапсырды.
Осы жылы басқа имамдардан оқ бойы озық тұрған имамдар жақын арада Сыр еліне іс сапармен келетін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолынан алғыс хат алатын болды.
Аллаһ баршамыздың Аллаһ жолындағы істерімізге береке беріп, келер жылда көптеген іс-шаралар атқарып, еліміз тыныш, ынтымақ пен бірлікте болуымызды жазғай
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы ЕСКЕНДІР Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.12.2013
3845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру