Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қос төсбелгімен марапатталды

17.12.2013 3698 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Т.Мырзаев Тәуелсіздік мерекесі күні облыс әкімінің атынан қос төсбелгімен марапатталды.

Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының Дін істері бөлімі бастығы Иса Есенәлі өкіл имамға облыстың дамуы мен тұрақтылығына, діни ахуалға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс айтып, салтанатты түрде  «Маңғыстау облысының 40 жылдығы» және  «Ақтау қаласының 50 жылдығы»  төсбелгілерін табыс етті.

Тәуелсіздігіміздің құрметіне берілетін  марапаттар ел іргесін нығайтуда талмай еңбек етіп, бірлік пен ынтымақты насихаттаған жандарға тиісті екендігі анық. Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Тыныштық қажы Мырзаевтың жұмысына оң баға беріп, ең ардақты мерекеміз – Тәуелсіздік күні қос төсбелгімен марапаттауы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүргізіп отырған салиқалы жұмысының жарқын нәтижесі.

Өкіл имамға алғыс айтып, зор ілтипатын білдірген И.Есенәлі алдағы уақытта да ел үшін талмай еңбек етуде, облыс абыройының асқақтауына үлес қоса беруін айтып, қос марапатқа құттықтауын білдірді.

Өкіл имам облыс басшысының діни іс-шараларға қашанда қолдау білдіретіндігіне алғысын білдіріп, ел тұтастығы жолында мүдделес екендігін жеткізді.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру