Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда өткен онлайн дәріс

13.12.2013 3628 0 пікір

Кезінде бір ақпаратпен алмасу үшін айлап уақыт кететін еді. Қазіргі ғасыр – жаңа ақпараттық-технологиялардың ғасыры. Әлемнің кез-келген нүктесінен қалаған жеріңізге көзді ашып-жұмғанша хабар жеткізіп, жауабын да кешіктірмей ала аласыз. Бұл керемет емей, немене?! Ел данасы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі естеріңізде ме?

Өнер — білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды…
Білгендерге осылар
Бәрі — дағы анықтай,
Білмегенде танықтай…

Осыдан бірер күн бұрын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің базасында ел аумағындағы барша мешіт қызметкерлеріне арналған интернет желісіндегі арнайы «онлайн сабақтар» жүйесі іске қосылғанын сайтымызда хабарлаған болатынбыз.

11 желтоқсан күні кешкі 17.00-де Қарағанды облысы мешітінің имамдары мен жамағаты жиналып алғашқы онлайн сабақты тыңдады. «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызмет атқаратын Мақсатбек Қайырғалиев жүргізген «Намазда әмин дұғасы» дәрісі, көптің көңілінен шығып, әр тыңдарманға бір ой салғаны анық. Онлайн сабақ жүргізудің келешегі зор екені тайға таңба басқандай. Бұл бастама көп аумақты қамтыса, нұр үстіне нұр болар.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру