Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің мәжіліс залында аудан, қала имамдарының 2013 жылғы қорытынды есебі тыңдалды.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Мырзагелдиев ашып, жүргізіп отырды. Биылғы жылы есеп беру формасы өзгерек болды. Есеп слайт арқылы тыңдалды.
Есеп беруде бірқатар аудан, қала имамдарының үлгі боларлық жұмыстарын айтып өту керек. Атап айтқанда: Қазығұрт ауданының имамы Е.Полтов аудандағы 35 кітапханаға «Имандылық бұрышы» ашыпты, онда Діни басқарма тарапынан жарық көрген кітаптар қойылған. Мұнымен қатар, «Шымкент» медресесін тамамдап, бүгінде ауылдық мешіттің имамы қызметін атқарып жүрген 4 имамға аудан әкімдігі тарапынан айлық тағайындалғанын айтып өзгелерге үлгі көрсетті.
Келесі есеп беруші Шымкент қаласындағы 42 мешіттің барлығына теледидар алып, әр жұма сайын «1-Евразия» телеарнасына берілетін Бас мүфти Ержан қажы хазреттің айтқан уағыздары тыңдалып, жұма намазы кезінде жамағатқа түсіндірілуде. Жиын барысында өкіл имам өзгеде аудан, қала, ауылдық мешіттерде осы жүйені қолға алу керек екендігін тапсырды.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданы бойынша мешіттерді газдандыру жұмыстары бойынша аудан әкімдігінің үлкен қолдау көрсетіліп отырғандығы көңілді қуантты.
Бас мүфти хазреттің тапсырмасына сәйкес, мешіттердің ауласына тал-терек, көгалдандыру жұмыстары бойынша Шардара ауданы бойынша екі мың түп жеміс ағашы егіліп, ол соңғы үлгідегі Израилдық тамшылап суғару тәсілдері арқылы абаттандырылып отыр екен.
Ал Кентау қаласындағы орталық мешіттің жанынан имамға арналған қызметтік үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл бастамаға Кентау қаласының әкімдігі 1 млн. 500 мың теңге жұмсап, қолдау білдірілген. Мұнымен қатар, орталық мешіттің жылу ақысын демеушілер көмегімен шешіп берген.
Жалпы, жиын барысында үгіт-насихат жұмыстары, жастар бөлімінің жұмыстары, баспасөз қызметінің маңыздылығы, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспары пысықталды.
Мәжіліс соңында 2013 жылы өзгеге үлгі болып, асыл дініміздің жандануына үлес қосқан бірқатар аудан, қала имамдары алғысхатқа ұсынылды. Солардың ішінде Түлкібас аудандық мешіттің имамы Б.Оңалбаев, Кентау қаласының имамы И.Панов және Қазығұрт аудандық мешіттің имамы Е.Полатовтарға Алла разы болсын!
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкіл имам орнынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.12.2013
4310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру